Баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығымен бекітілген «Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларының» 3-тармағына сәйкес тізілімді жергілікті атқарушы органдар ұсынған мәліметтерді ескере отырып, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын өзектендіреді.

Ұлттық экономика министрлігінің 2024 жылғы 1.02. №31 бұйрығы негізінде Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне мынадай бизнес субъектілері кірді:

  1. «Medicinskii Centr Kot&Kit (Кот & Кит медициналық орталығы)» ЖШС басшысы Северина Валерьевна Джан Петропавл қ. – балалардың демалысын және сауықтыруын ұйымдастыру жөніндегі қызмет (4 санат);
  2. «Автошкола Равная дорога» ЖШС басшысы Сәлімхан Жанатұлы Сәбитов Петропавл қ. – қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі қызмет (3 санат);
  3. «Формула слуха» ЖШС директоры Наталья Викторовна Воронова Петропавл қ. – коммуникативтік әлеуетті арттыруды, оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді, әлеуметтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді көздейтін қызметтер көрсету жөніндегі қызмет (3 санат).
  4. «Центр семейной медицины «Панацея» ЖШС директоры Ирина Геннадьевна Сазанова Петропавл қ. – күтімді ұйымдастыру, сауықтыру іс-шараларын жүргізуге жәрдемдесу, азаматтардың денсаулық жағдайының өзгеруін анықтау үшін жүйелі бақылау арқылы денсаулықты сақтауға және қолдауға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсету жөніндегі қызмет (3 санат);
  5. «Тренинг Центркомек» ЖК директоры Ғалия Әкімбекқызы Баязитова Петропавл қ. – әлеуметтік ортада бейімделу үшін психологиялық жай-күйді түзету және көмек көрсетуді көздейтін әлеуметтік-психологиялық қызметтер көрсету бойынша; мінез-құлқындағы ауытқулардың алдын алуға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қызметтер көрсету бойынша; коммуникативтік әлеуетті арттыруды, оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді көздейтін қызметтер көрсету бойынша қызмет. қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша әлеуметтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтер (3 санат);
  6. «Говоруша» түзету-дамыту орталығы директоры Надежда Александровна Дмитриенко Петропавл қ. – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беруді, техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі қызмет және мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын меңгеруде қиындықтарға тап болған білім алушылар мен тәрбиеленушілерге Медициналық және әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қызмет, даму және әлеуметтік бейімделу (4 санат);
  7. «Митралия» ЖШС директоры Светлана Владимировна Митронина Петропавл қ. – күтімді ұйымдастыру, сауықтыру іс-шараларын жүргізуге жәрдемдесу, азаматтардың денсаулық жағдайының өзгеруін анықтау үшін жүйелі бақылау арқылы денсаулықты сақтауға және қолдауға бағытталған қызметтер көрсету жөніндегі қызмет (3 санат).