Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) тізіліміне енгізу үшін өтінімдер қабылдауды жариялайды.
Өтінімдерді қабылдау Басқарманың интернет-ресурсында жарияланған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі –Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады
Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға оны тізілімге енгізу мақсатында арнайы комиссияның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:
Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін құжаттар 2023 жылғы 01 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 15 желтоқсанға дейін жұмыс күндері СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 522 каб., электрондық пошта мекенжайы: msb38@sqo.gov.kz.
Анықтама телефоны: 8 (7152) 36-13-62.
Памятка потенциальным социальным предпринимателям. Формы
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы