Баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

Бүгін, 19 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің алаңында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.А. Әбләлиевтің төрағалығымен селекторлық режимде ҚР Сауда және интеграция министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Qazindustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ, «Qaztrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, сондай-ақ экспорттық кеңес мүшелері мен өңірдің экспорттаушы кәсіпорындары өкілдерінің қатысуымен өңірлік экспорттық кеңес өтті.

Кеңесте «QazTrade», «KazakhExport», «Qazindustry» мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары таныстырылды, сондай-ақ шешу жолдары әзірленген және талқылау үшін орталық мемлекеттік органдарға берілген бірқатар проблемалық мәселелер қаралды.

Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының маңызды міндеттері экспортқа бағдарланған жаңа өндірістерді құру және дайын өнімді әлемдік нарықтарға жылжытуда қолдау болып табылады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңір экспортының көлемі 472,1 млн. АҚШ долл. құрады, бұл ретте өңдеу секторының экспорты 2022 жылдың 11 айда 165,5 млн. АҚШ долл. (2022 жылғы деректер 2023 жылдың шілдесінде құрылады) құрады. Экспорттың жалпы көлемінде өңдеу шамамен 35% құрайды.

Бүгінгі таңда облыста экспортқа бағдарланған 80-ге жуық кәсіпорын жұмыс істейді.

Бүгінде Мемлекет басшысы өнеркәсіп алдында, әсіресе экспорттық бағытты дамыту бойынша үлкен міндеттер қойып отыр.

Қазақстан, атап айтқанда, біздің облыс агроөнеркәсіптік кешен, машина жасау және құрылыс индустриясын дамыту саласында ресурстарға ие.