Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) тізіліміне енгізу үшін өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру

Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) тізіліміне енгізу үшін өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) тізіліміне енгізу үшін өтінімдер қабылдауды жариялайды.

Өтінімдерді қабылдау басқарманың интернет–ресурсында жарияланған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 733 қаулысымен бекітілген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.

Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға оны тізілімге енгізу мақсатында арнайы комиссияның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:

1) қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізу туралы өтініш (бұдан әрі-өтініш);

2) қағидалардың 6-9–тармақтарында көрсетілген құжаттар, оған сәйкес жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға оны тізілімге енгізу үшін өтініш жасайтын санатқа қарай;

3) өтініш берушінің уәкілетті адамының өтінішке қол қою құқығын куәландыратын сенімхаты (өтініш берушінің сенімхат негізінде әрекет ететін өкілі құжаттарды берген жағдайда).

Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін құжаттар 2023 жылғы 01 маусымнан 2023 жылғы 15 маусымға дейін жұмыс күндері СҚО, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 522 каб. бойынша қабылданады. Электрондық пошта мекенжайы: msb38@sqo.gov.kz.

Анықтама телефоны: 8 (7152) 36-13-62.