Баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

2023 жылғы 1-15 наурыз аралығында СҚО әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы кәсіпкерлік субъектілерінен әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге өтінімдер қабылдауды жүзеге асырды. Арнайы комиссияның қарауына 2 өтінім түсті:

  1. «Центр семейной медицины «Панацея» ЖШС – Петропавл қ. директоры Ирина Геннадьевна Сазанова – күтімді ұйымдастыру, сауықтыру іс-шараларын жүргізуге жәрдемдесу, азаматтардың денсаулық жағдайының өзгеруін анықтау үшін жүйелі бақылау арқылы денсаулықты сақтауға және қолдауға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсету жөніндегі қызмет (3 санат);
  2. ЖК «Тренинг ЦентрКөмек» – директоры Баязитова Ғалия Әкімбекқызы Петропавл қ. – әлеуметтік ортаға бейімделу үшін психологиялық жай-күйді түзетуді және көмек көрсетуді көздейтін әлеуметтік-психологиялық қызметтер көрсету жөніндегі қызмет; мінез-құлқындағы ауытқулардың алдын алуға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қызметтер көрсету бойынша; мінез-құлқындағы ауытқулардың алдын алуға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қызметтер көрсету; коммуникативтік әлеуетті арттыруды, оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді көздейтін қызметтерді, әлеуметтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша; қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша (3 санат).

Ағымдағы жылғы 27 наурызда әлеуметтік кәсіпкерлік жөніндегі арнайы комиссияның отырысы өтті. Қаралған өтініштердің қорытындысы бойынша комиссия мүшелері оң шешім қабылдады.

Мақұлданған өтініштер бойынша арнайы комиссияның ұсынымдары тізілімге одан әрі енгізу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жіберілетін болады.