Баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

3-тармаққа сәйкес «Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган тізілімді ағымдағы жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей алдыңғы күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша бекітеді.

Көрсетілген мәліметтерді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары арнайы комиссияның қарау қорытындылары бойынша ұсынған мәліметтерді ескере отырып, жыл сайын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган өзектендіреді» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021.10.28 № 773 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес.

Өзектендіруді жүзеге асыру үшін басқарма Солтүстік Қазақстан облысының Мемлекеттік кірістер департаментіне, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» КММ Азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне сұрау салуды жолдады. Алынған жауаптар негізінде комиссия келесі кәсіпкерлерге әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісінің мәртебесін растауды ұсыну туралы шешім қабылдады.

  1. «Medicinskii Centr Kot&Kit (Кот & Кит медициналық орталығы)» ЖШС басшысы Джан Северина Валерьевна Петропавл қ. – балалардың демалысын және сауықтыруын ұйымдастыру жөніндегі қызмет (4 санат);
  2. «Автошкола Равная дорога» ЖШС басшысы Сәбитов Сәлімхан Жанатұлы Петропавл қ. – қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі қызмет (3 санат);
  3. ЖК Жукенова А.С. басшысы Жүкенова Әлфия Серғазықызы Петропавл қ. – аз қамтылған, көп балалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналардың және басқа да заңды өкілдердің жұмыспен қамтылуына ықпал ететін (1 санат);
  4. «Формула слуха» ЖШС директоры Воронова Наталья Викторовна Петропавл қ. – коммуникативтік әлеуетті арттыруды, оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді, әлеуметтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді көздейтін қызметтер көрсету жөніндегі қызмет (3 санат).

Арнайы комиссияның ұсынымдары әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу жөніндегі ақпаратты өзектендіру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жіберілетін болады.