Әлеуметтік кәсіпкерлік туралы

Әлеуметтік кәсіпкерлік туралы

Бекітілген Қағидаларға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) тоқсан сайын күнтізбелік тоқсанның алдындағы айдың 1-15 күндері әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) тізіліміне енгізуге өтінімдер қабылдайды.

2022 жылғы 1-15 қыркүйек аралығында өтінімдер қабылданды. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) тізіліміне енгізу үшін құжаттарды тапсырғысы келетін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар басқармаға СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 522 каб, тел. 361362 мекенжайы бойынша жүгіне алады.

2022 жылдың үшінші тоқсанында өткізілген арнайы комиссия отырысының қорытындысы бойынша Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 02 қарашадағы № 262 бұйрығымен «Формула слуха» ЖШС кәсіпкері әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енді.

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық
даму басқармасы» КММ басшысының орынбасары
Н. Садықов