Конкурсты ұйымдастырушы: «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ
Орналасқан жері: Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 58;
пошталық мекенжайы: 150000, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 58;
электрондық поштасы: Uiir@sqo.gov.kz;
байланыс телефоны 87152361362
Конкурстың нысанасы: «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жас кәсіпкерлерге (29 жасқа дейін (қоса алғанда) (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.
Байқау түрі: ашық конкурс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру орны: «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (dkb.qoldau.kz).
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер электрондық нысанда «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы бекітілген нысан бойынша өтінімді және конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2021 ж. «18» қазаннан бастап 2021 ж. «27» қазанға дейін жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (жергілікті уақыт).
Өтінімдерді берудің басталу күні мен уақыты: 2021 ж. «18» қазан сағат 10.00-ден бастап (жергілікті уақыт).
Өтінімдерді берудің аяқталу күні мен уақыты: 2021 ж. «27» қазан сағат 13.00-ге дейін (жергілікті уақыт).
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.
Гранттық қаржыландыру шарттары: (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес)
Мемлекеттік гранттар беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) «Экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау» екінші бағыты шеңберінде жүзеге асырылады.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар Бағдарламаға 2-қосымша сәйкес экономиканың басым секторларында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өтеусіз негізде беріледі.
-Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік грант сомасы 2 (екі) млн. теңгеден 5 (бес) млн. теңгеге дейін құрайды;
-Мыналар: