«Қазақстандағы музей ісі мен археологиялық зерттеулердің жаңа үрдістері мен даму перспективалары» атты ғылыми-практикалық конференция

«Қазақстандағы музей ісі мен археологиялық зерттеулердің жаңа үрдістері мен даму перспективалары» атты ғылыми-практикалық конференция

Айыртау ауданының Саумалкөл ауылында ағымдағы жылдың 7-8 қазанында Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығына арналған «Қазақстандағы музей iсi мен археологиялық зерттеулердiң жаңа үрдiстерi мен даму перспективалары» атты ғылыми-практикалық конференция өтуде. Конференцияны «Ботай» мемлекеттiк тарихи-мәдени музей-қорығы ұйымдастырды.

Конференцияға археология, тарих саласындағы ғалымдар, тарихи-мәдени мұраны қорғау және дәрiптеу мамандары, музей-қорықтардың, тарихи-өлкетану мұражайларының директорлары, туризм саласындағы мамандар қатысады.

Конференция жұмысы екi күн iшiнде өтедi. Конференция жұмысының бiрiншi күнi дөңгелек үстел режимiнде өттi. Пiкiрталас барысында қатысушылар Қазақстанның тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi дамуы, Ұлы даланың жетi қыры: атқа мiну мәдениетiнiң тарихи-мәдени феноменi, «Туған жер» бағдарламасы — жалпыұлттық патриотизмнiң негiзi, Қазақстан Республикасының мәдени ескерткiштерiнiң ғылыми маңызы мен сақталуы, Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы, тарихи-мәдени туризм және оның Қазақстандағы дамуы, Қазақстандағы археологияның теориясы мен практикасы келесi тезистерге қатысты мәселелердi талқылады.

Екiншi күннiң бағдарламасы қатысушыларды Қарасай-Ағынтай батырлардың мемориалдық кешенi, Ботай қонысы, Айғаным мекен-жайы, Шоқан Уәлихановтың мұражайы сияқты ауданның тарихи-мәдени көрiктi жерлерiне баруды көздейдi.