Петропавл қаласында инвестицияларды мемлекеттiк қолдау шаралары бойынша тренинг өттi

Петропавл қаласында инвестицияларды мемлекеттiк қолдау шаралары бойынша тренинг өттi

2021 жылғы 16 маусымда «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Петропавл қаласында «Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметтi мемлекеттiк қолдау шаралары, сондай-ақ инвестициялар тарту және кәсiпкерлiк қызметтi қолдау» тренингiн өткiздi.

Тренингке «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы АҚ, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, «Қазақстандық мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк орталығы» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкi» АҚ, өңiрлiк қаржы институттары және мүдделi мемлекеттiк органдар қатысты.

Тренинг барысында инвестициялық және инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың қолданыстағы барлық шаралары, сондай-ақ инвестициялар саласындағы жаңа трендтер түсiндiрiлдi.

Тренинг соңында барлық қатысушыларға мемлекеттiк органдардың қызметi аясында туындаған сұрақтарға жауаптар берiлдi.