
2026 жылғы 24 қыркүйекте, Кәсіпкерлік кодекске сәйкес Прокуратура, аумақтық мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің қатысуымен Бақылау және қадағалау органдарының бизнес алдындағы Бірыңғай есеп беру күні өтті. Осы жылы 8-ші есептік кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шара аясында Полиция департаментінің, Төтенше жағдайлар департаментінің, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің, Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің, Жер ресурстарын басқару департаментінің, Мемлекеттік кірістер департаментінің және Өңірлік кәсіпкерлер палатасының есептері тыңдалды.
Қатысушыларға бақылау қызметінің нәтижелері, бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат ұсынылды.
ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің СҚО бойынша департаментінің деректеріне сәйкес, 2026 жылдың 7 айында тексеру тағайындау туралы 2312 акт тіркелді, оның 756-сы - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінде.
Тіркелген кәсіпкерлерді тексерулердің үлесі олардың жалпы санынан 32,6%-ды құрайды.
Бірыңғай есеп беру күнін өткізу бақылаушы органдар қызметінің ашықтығын арттыруға, мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын нығайтуға және бақылау іс-шараларының айқындылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Материалдар: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-kasipker/documents/details/1071972?lang=kk