Бүгін Астанада Әлеуметтік кәсіпкерлер саммиті өтті

Бүгін Астанада Әлеуметтік кәсіпкерлер саммиті өтті

Бүгін Астанада Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ және Солтүстік өңірдің әлеуметтік кәсіпкерлері Әлеуметтік кәсіпкерлер саммитіне қатысты.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Е. Е. Сағынаев қатысты.

Саммит әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға, тәжірибе алмасуға және әлеуметтік бизнес өкілдері үшін жаңа мүмкіндіктерді кеңейтуге арналған маңызды алаңға айналды.

Іс-шара аясында әлеуметтік кәсіпкерлер өнімдерінің этно-жәрмеңкесі, сондай-ақ әлеуметтік және экологиялық бастамаларға арналған ақпараттық және фотокөрмелер ұйымдастырылды.

Қатысушылар мемлекеттік және халықаралық қолдау шараларымен, білім беру және қаржылық бағдарламалармен, сондай-ақ инкубация және акселерация құралдарымен танысуға мүмкіндік алды. Көрме аймағының жұмысына «Атамекен» ҰКП, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, ЕҚДБ, QazInnovations, SES, Astana Hub, KazakhExport және басқа да ұйымдар қатысты.

Саммиттің іскерлік бағдарламасы өңірлік диалогты және БҰҰ, Дүниежүзілік банк, БҰҰДБ, ЕҚДБ өкілдері, дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың қатысуымен өткен халықаралық сессияны қамтыды.

Сондай-ақ Best Social Entrepreneur 2026 Awards марапаттау рәсімі өтті. Оның аясында инновацияларды, инклюзияны, экология мен білім беруді дамытуға елеулі үлес қосқан кәсіпкерлер марапатталды.

Саммит Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мақсатында мемлекет, бизнес және халықаралық қоғамдастық арасындағы өзара іс-қимылды нығайту үшін маңызды алаңға айналды.