«Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандар мен Петропавл қ. бөлінісінде ЭҚЖЖ-ның 6 түрінен тұратын қосымша тізбе айқындалып, келісілді

«Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандар мен Петропавл қ. бөлінісінде ЭҚЖЖ-ның 6 түрінен тұратын қосымша тізбе айқындалып, келісілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 30 желтоқсандағы №1176 қаулысымен бекітілген «Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы іске асыру шеңберінде «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АФ, Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер Палатасымен және аудандар мен Петропавл қ. әкімдіктерімен бірлесіп, ЭҚЖЖ-ның 6 түрінен тұратын қосымша тізбесі бойынша жұмыс жүргізді.

Аудандар мен Петропавл қ. әкімдіктері ұсынған талдау материалдары нәтижелерін ескере отырып, экономикалық қызметтің басым түрлерін айқындау шағын және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету үшін Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі экономика салаларына рейтингтер беру әдістемесі негізінде жүзеге асырылған, экономиканың басым секторларының тізбесі Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Министрлігімен және «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісілді.

Басым экономикалық қызмет түрлерінің қосымша тізбесімен сілтеме арқылы танысуға болады:

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандар мен Петропавл қаласы бөлінісінде экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесі