Мағжан Жұмабаев ауданының кәсіпкерлеріне мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат берілді

Мағжан Жұмабаев ауданының кәсіпкерлеріне мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат берілді

2026 жылғы 29 шілдеде мобильді фронт-офис Мағжан Жұмабаев ауданына барды.

Іссапар аясында аудан кәсіпкерлері мен тұрғындарына бизнесті қолдаудың қолданыстағы мемлекеттік шаралары бойынша кеңестер берілді.

Мобильді фронт-офис құрамында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өңірлік филиалының, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «ForteBank» АҚ, «Атамекен Қызылжар» МҚҰ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өкілдері болды.

Мамандар кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар, жеңілдетілген несиелеу, шағын қаржыландыру және гранттар алу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Осындай көшпелі кездесулер мемлекеттік қолдау шараларын халыққа жақындатып, кәсіпкерлерге өз бизнесін дамытуға қажетті ақпарат пен тиімді құралдарды таңдауға мүмкіндік береді.

Мобильді фронт-офистің келесі сапары Тайынша ауданында өтеді. Аудан тұрғындары мен кәсіпкерлері мамандардан кеңес алып, бизнесті қолдаудың қолданыстағы мемлекеттік шаралары туралы толық ақпарат ала алады.