
Кездесу барысында кәсіпкерлерге «Іскер аймақ» және «Ауыл аманаты» бағдарламалары аясында қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылып, қаржыландыру және бизнесті дамыту мәселелері бойынша жеке консультациялар өткізілді, сондай-ақ жобаларды іске асыру орындарына барып танысу жұмыстары жүргізілді.
Мобильді фронт-офис жұмысына кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының, «Даму» қорының, екінші деңгейдегі банктердің және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның өкілдері қатысты.
Мобильді фронт-офистің кәсіпкерлермен келесі кездесуі Мағжан Жұмабаев ауданында өтеді.