Баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

2026 жылғы 18 маусымда «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу мәселелерін қарау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі-Комиссия) отырысы өтті.

Комиссия отырысына коммерциялық емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Комиссия әлеуметтік кәсіпкерліктің әлеуетті субъектілерінің өтінімдерін қарады:

  1. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге өтінімдерді қарау:

1) «Щеголь» ЖШС директоры Щеголев Евгений Сергеевич Петропавл қ. – халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтуға ықпал ететін кәсіпкерлік субъектісі (1 санат),

2) «Bereket-Qamqor» ЖК, жетекшісі Бөкен Мәрлен Әлібекұлы, балалардың демалысы мен сауығуын ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін кәсіпкерлік субъектісі (4 санат),

3) «Шпигоцкий Антон Александрович» ЖК, жетекшісі Шпигоцкий Антон Александрович -театр өнері саласында мәдени-ағартушылық қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектісі (актерлік шеберліктің жеке мектеп - студиясының қызметі) - (4 санат).Қаралғанөтініштердіңқорытындысы бойынша комиссиямүшелеріоңшешім қабылдады.

Мақұлданған өтініштер бойынша арнайы комиссияның ұсынымдары тізілімге одан әрі енгізу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жолданатын болады.