
2026 жылғы 18 наурызда «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу мәселелерін қарау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі-Комиссия) отырысы өтті.
Комиссия отырысына коммерциялық емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Комиссия әлеуметтік кәсіпкерліктің әлеуетті субъектілерінің өтінімдерін қарады:
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісінің атауының өзгеруіне байланысты тізілімге өзгерістер енгізу мәселесі бойынша өтінімді қарау:
1) ЖК «Ишимский берег», халықтың әлеуметтік-байланысты топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін (1 санат);
Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге өтінімдерді қарау:
1) ЖК «А.Ж.Жүнісова» директор Жүнісова Азиза Жалғасбайқызы Петропавл қ.-мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беруді, техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша қызметтер көрсететін кәсіпкерлік субъектісі (4 санат);
2) «АБВГДЕЙКА» ЖШС директор Жаркова Ольга Владимировна Петропавл қ.-мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беруді, техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша қызметтер көрсететін кәсіпкерлік субъектісі (4 санат).
Қаралғанөтініштердіңқорытындысы бойынша комиссиямүшелеріоңшешім қабылдады.
Мақұлданған өтініштер бойынша арнайы комиссияның ұсынымдары тізілімге одан әрі енгізу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жолданатын болады.