
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 17.07. № 140 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларының 3-тармағына сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган тізілімді ағымдағы жылдың 1 наурыздан кешіктірмей алдыңғы күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша бекітеді. Көрсетілген мәліметтерді арнайы комиссияның қарау қорытындылары бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары ұсынған мәліметтерді ескере отырып, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын өзектендіреді.
Осыған байланысты, 2026 жылғы 26.01. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасында жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу жөніндегі мәселелерді қарау жөніндегі арнайы комиссияның (бұдан әрі-Комиссия) отырысы өтті.
Мүдделі мемлекеттік органдардан алынған жауаптар негізінде Комиссия келесі кәсіпкерлерге әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісінің мәртебесін растауды ұсыну туралы шешім қабылдады:
«Medicinskii Centr Kot&Kit (Кот & Кит медициналық орталығы)» ЖШС;
«Формула слуха» ЖШС;
«Панацея «отбасылық медицина орталығы» ЖШС;
«Тренинг Центркомек» ЖК;
«Говоруша» Түзету-дамыту орталығы;
«Митралия» ЖШС;
ЖК «В.А.Самоволов»;
ЖК «В.С.Кардаполов»;
«Қазақстанның ұзақ өмір сүруі» ЖШС;
ЖК «Д.Т.Жунусова»;
«Step by step» ЖК;
«Могунова» ЖК;
«Голубенко» ЖК;
«DARA» білім орталығы» ЖК;
Арнайы комиссияның ұсынымдары әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу жөніндегі ақпаратты өзектендіру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жолданатын болады.