2025 жылғы 10 қазанда Астанада Social Innovation Hub орталығында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға және өңірлердегі әлеуметтік бизнесті қолдаудың жаңа тәсілдеріне арналған воркшоп өтті.
Іс-шара Орталық Азияның барлық әлеуметтік кәсіпкерлерін біріктіретін алаң болып табылатын Social Innovation Hub-та ұйымдастырылды. Кеңеске кәсіпкерлік басқармаларының басшылары, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін қалыптастыру жөніндегі арнайы комиссиялардың хатшылары, сондай-ақ өңірлік ӘКК басшылары қатысты.
Басты мақсат-тәжірибе алмасу, жүйелік кедергілерді жою бойынша шешімдер әзірлеу және әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдаудың жаңа құралдарын іздеу.
Бұл жергілікті атқарушы органдар үшін ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп ұйымдастырылған Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының төртінші воркшопы. Воркшоп бағдарламасына сәйкес панельдік сессиялар өтті, оның шеңберінде қатысушылар әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік шолуын ұсынды және үздік тәжірибелерімен бөлісті, сектордың негізгі сын-қатерлерін талқылады.