В СКО состоялось разъяснение действие норм нового Налогового кодекса

В СКО состоялось разъяснение действие норм нового Налогового кодекса

Еліміздің экономикалық дамуы мемлекет пен бизнестің тиімді өзара іс-қимылына тікелей байланысты. Бүгінгі таңда экономикалық процестердің барлық қатысушыларының келісіп әрекет етуі, жүргізіліп жатқан реформалардың мақсаттары мен тетіктерін түсінуі бұрынғыдан да маңызды.

2025 жылғы 7 қазанда Петропавл қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Вице-министрі – Е.Е.Сағнаевтың, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары - Қ. Т. Құлназаровтың, АШМ агроазық - түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары - Н. Н. Ілиясовтың қатысуымен Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде бизнес-қоғамдастықтардың, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының, мемлекеттік кірістердің жергілікті атқарушы органдарының өкілдерімен жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін түсіндіру және талқылау бойынша кездесу өткізілді.

Жаңа Салық кодексі салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге, кәсіпкерлер үшін әділ жағдай жасауға, мемлекет пен бизнес арасындағы ашықтық пен сенімді арттыруға бағытталған.

Бұл өзгерістер бизнесті жүргізуді жеңілдетуге, инвестицияларды ынталандыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және аймақтық экономиканы дамытуға қиындық туғызбауы керек.

Вице-министр представил основные положения нового Налогового кодекса, подписанного Главой государства 18 июля 2025 года.

Документ вступит в силу с 1 января 2026 года и предусматривает ряд системных изменений, направленных на упрощение налоговой системы
и стимулирование экономики, в том числе:

Вице-министр Мемлекет басшысы 2025 жылғы 18 шілдеде қол қойған жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін ұсынды.

Құжат 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және салық жүйесін жеңілдетуге және экономиканы ынталандыруға бағытталған бірқатар жүйелі өзгерістерді көздейді, соның ішінде:

  • салық есептілігін 30%-ға қысқарту;
  • салықтар санын 20%-ға төмендету;
  • салық жеңілдіктерін оңтайландыру;
  • сараланған ставкаларды енгізу;
  • инвестициялық белсенділікті ынталандыру;
  • сәнді заттарға жүктемені арттыру және басқа да бірқатар өзекті мәселелерді шешу.

Вице-министр жаңа Салық кодексінің мақсаттары:

  • инвестициялардың өсуіне жағдай жасау;
  • экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
  • бюджеттің мұнай кірістеріне тәуелділігін төмендету;
  • азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру.

Салық салудың ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін қызметтің рұқсат беру және тыйым салу түрлерінің тізбелері әзірленді.

Жаңа Салық кодексі сонымен бірге ірі компаниялар мен күрделі қызметтерді қоспағанда, оларды шағын бизнес пен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін сақтай отырып, жеңілдетілген режимдерді қолданудың нақты және түсінікті ережелерін енгізеді.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Қ. Т. Құлназаров Коммуналдық қызметтерге тарифтер және оның пайда болу факторлары туралы айтып берді.

 «Тарифтердің серпіні табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдеріне, инфрақұрылымның жай-күйіне және өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты. Көтеруге ҚР Үкіметі белгілеген инфляциялық дәліз шегінде ғана жол беріледі», - деді ол өз баяндамасында.

 «Барлық өтінімдер, есептер және тарифтерді түзету «Монополист» базасының электрондық жүйесінде беріледі және қаралады. Кез келген тұтынушы аталған материалдарға және субъектілер мен уәкілетті орган арасындағы хат алмасуға қол жеткізе алады», – деп ол тариф белгілеу кезіндегі қызметтің ашықтығы туралы айтып өтті.

Ол сондай-ақ тарифтердің өсуіне қарамастан, ӘМАТ өндірушілері үшін олардың деңгейі тұтынушылардың басқа санаттарынан төмен болып қалатынын атап өтті.

Кездесуде ауыл шаруашылығы саласындағы жағдай да талқыланды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі Н. Н. Ілиясовтың айтуынша, аграрлық салада айтарлықтай өсім байқалады.

 «Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 3,4%-ға артты. Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында да тұрақты өсу байқалады. Өңірлерде азық-түлік қорларын қалыптастыра отырып, тұрақтандыру қорлары құрылады. Бұл шаралар бағаны тұрақтандыруға мүмкіндік береді», - деді ол.

Мемлекеттік органдар мен бизнес арасында сындарлы диалог өтті. Ашық форматта бизнесті қызықтыратын мәселелер талқыланды, ұсыныстар тыңдалды және кәсіпкерлердің қызығушылығын тудыратын заңнама нормалары түсіндірілді.