
«Петровское KZ» ЖШС — Солтүстік Қазақстан облысындағы ең көне сүт өңдеу кәсіпорындарының бірі, Тайынша ауданы Петровка ауылында орналасқан. Компанияның тарихы 1957 жылдан бастау алады, ол кезде Петров сүт зауыты құрылған болатын. 1997 жылы кәсіпорын жаңа даму кезеңіне өтіп, жауапкершілігі шектеулі серіктестік форматына ауысты.
1957 жылдан бері, яғни Петров сүт зауыты құрылған кезден бастап бүгінгі күнге дейін, экономикалық, саяси және геосаяси қиындықтарға қарамастан, кәсіпорын үздіксіз жұмыс істеп келеді. Өндірісті сақтап, аймақ тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Бүгінде «Петровское KZ» ЖШС тәулігіне 25–30 тонна сүт өңдеп, шамамен 2 тонна майсыздандырылған ірімшік пен 1,5 тонна сары май өндіреді. Өнім түрлері:
Кәсіпорынды аймақтағы тауарлы-сүт фермалары және 22 елді мекеннің жеке қосалқы шаруашылық иелері шикізатпен қамтамасыз етеді. Бұл тәсіл өндіріс көлемін тұрақты ұстап, ауыл кәсіпкерлігін дамытуға мүмкіндік береді. Өнім сапасын қамтамасыз ету үшін зауытта күн сайын барлық технологиялық кезеңді бақылап отыратын жеке зертхана жұмыс істейді.
Кәсіпорынның ерекше мақтанышы — өз ісіне адал қызметкерлері. Өндіріс бастығы Валентина Ивановна зауытқа 16 жасында жұмысқа кіріп, 45 жыл бойы сары майдың жоғары сапасын қамтамасыз етті. Ол тек 2025 жылы ғана зейнетке шықты.
«Біз үшін бұл жай ғана өндіріс емес — бұл біздің тарихымыз, біздің командамыз. 68 жыл бойы барлық қиындықтарға қарамастан, біз өндірісті, жұмыс орындарын сақтап, аймақты дәмді әрі табиғи сары маймен қамтамасыз етіп келеміз. Валентина Ивановна – мамандығына шын берілгендіктің үлгісі, оның еңбегі әрқашан «Петровское KZ» ЖШС табысының бір бөлігі болып қала береді», — деді компания директоры Асқар Серікович.
«Петровское» бренді дәстүрді, табиғилықты және жоғары сапа стандарттарын біріктіріп, тұтынушылар сеніміне әлдеқашан ие болған. Компанияның майы мен ірімшігі тек үй асханаларында ғана емес, кәсіби аспаздықта да қолданылады.
2024 жылы компанияның дамуы «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында «Қазақстан Халық банкі» АҚ арқылы қолдау тапты. «Петровское KZ» ЖШС айналым қаражатын толықтыруға жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемемен несие алды, бұл өндірістік әлеуетті нығайтуға мүмкіндік берді.
Бүгінде «Петровское KZ» ЖШС сүт өңдеу кәсіпорны тұрақты өсім көрсетіп, табиғи сүт өнімдерінің сенімді өндірушісі ретінде берік орын алып отыр.
Байланыс:
Тайынша ауданы, Чкалов ауылдық округі, Петровка ауылы, Маслозаводская к-сі, 1
@petrovskoe_maslo.kz
8 702 890 66 29