2025 жылғы 19 маусымда «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ-де дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу мәселелерін қарау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) отырысы өтті.
Комиссия отырысына коммерциялық емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Комиссия әлеуметтік кәсіпкерліктің әлеуетті субъектісінің өтінімін қарады:
1) «DARA» білім орталығы» ЖК директоры Жұмағұлова Гүлайым Дәулетбайқызы Петропавл қ. – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша қызметтер көрсететін кәсіпкерлік субъектісі.
Қаралған өтініштің қорытындысы бойынша комиссия мүшелері оң шешім қабылдады.
Мақұлданған өтініш бойынша арнайы комиссияның ұсынымдары тізілімге одан әрі енгізу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жолданатын болады.