«Менiң әкем (анамның) таңдауы — Қазақстан халқына қызмет ету!» тақырыбындағы шығармалар байқауының ережесi

«Менiң әкем (анамның) таңдауы — Қазақстан халқына қызмет ету!» тақырыбындағы шығармалар байқауының ережесi

I. Жалпы ережелер

1. «Менiң әкем (анамның) таңдауы — Қазақстан халқына қызмет ету!» тақырыбындағы шығармалар байқауы (бұдан әрi — Байқау) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiсi күнiн мерекелеу шеңберiнде өткiзiледi.

2. Байқауды өткiзу, жұмыстарды бағалау тәртiбi, жеңiмпаздарды iрiктеп, Байқау жеңiмпаздарын марапаттау шарттары осы Ережемен белгiленген.

3. Байқау ұйымдастырушысы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi болып табылады (бұдан әрi  — Департамент).

II. Байқау мақсаты

4. Байқау мақсаты:

  • мемлекеттiк қызметтi насихаттау;
  • өскелең ұрпақта мемлекеттiк қызметке деген белсендi азаматтық ұстанымдарды қалыптастыру;
  • оқушылардың шығармашылық әулеттерiн арттыру болып табылады.

III. Байқауға қатысу шарттары

5. Байқау жасы 12-15 аралығындағы мемлекеттiк қызметшiлер балаларының арасында өткiзiледi.

Конкурстық жұмыста ТАӘ, туылған күнi, бiлiм беру ұйымының атауы (мектептер), байланыс телефонын (үй тел., мобильдi байланыс, e-mail мекен-жайы) көрсету қажет.

6. Шығарманы үмiткер өз еркiмен қазақ немесе орыс тiлдерiнде жазады, осыған дейiн шығарманың интернет желiсiнде және басқа да ақпарат көздерiнде жарияланбауы керек;

7. Конкурстық комиссия I, II, III орындарды иеленген жеңiмпаздарды анықтайды.

8. Байқау өткiзу мерзiмi мен кезеңдерi:

  • 1 кезең: 2020 жылғы 5 маусымнан 15 маусымға дейiн — жұмыстарды қабылдау;
  • 2 кезең: 2020 жылғы маусымның 16-18 аралығында — комиссиямен конкурстық жұмыстарды қарау, жеңiмпаздарды анықтау;
  • 3 кезең: 19 маусым — жеңiмпаздарды марапаттау.

9. Шығармаларды бағалау кезiнде келесi талаптар назарға алынады (5 критерий):

  • белгiленген тақырыпқа сай болуы;
  • тақырыпты тереңнен ашу;
  • стиль, мазмұндау тiлi;
  • материалдарды стандартты емес ұсыну, өзектiлiгi;
  • өз пiкiрлерiнiң болуы, аталған тақырыпқа өз көзқарасын көрсету.

10. Әрбiр критерий бойынша 5-балдық жүйе бойынша баға берiледi. Ең көп балдар жинаған үмiткер жеңiмпаз болып анықталады. Егер бiрнеше үмiткер балдардың тең санын жинайтын болса, Байқау жеңiмпазын анықтау жөнiндегi соңғы шешiмдi конкурстық комиссия төрағасы қабылдайды.

11. Конкурстық жұмыстар Департаментке ugu_sko@bk.ru электронды мекен-жайына немесе МОИП-тың g.zhusalina@kyzmet.gov.kz мекен-жайына «Шығармалар байқауы» сөзiмен жiберiледi. Байланыс телефондары: 36-01-42, 87071571421

4. Жеңiмпаздарды марапаттау

12. Жеңiмпаздар дипломдармен марапатталады.

13. Байқау қорытындысы мен жеңiмпаздары туралы ақпарат БАҚ-та, Департаменттiң ресми сайтында, әлеуметтiк желiлерде орналастырылады. Үздiк конкурстық жұмыстар Департаменттiң интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.