Өзін мемлекеттік қызметке арнаған адам

Өзін мемлекеттік қызметке арнаған адам

Омарова Қорлығайын Әбілдақызы Солтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасының дамуына елеулі үлес қосты, оның 30 жыл бойы қаржы басқармасының персоналды басқару бөлімінің басшысы лауазымындағы жасампаз еңбегінен басқармаға деген адалдығын көруге болады.

Ол 1984 жылы С.Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтын «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша, 2005 жылы Қазақстан-Ресей университетін «Заңгер» мамандығы бойынша оқып бітірді.

Қорлығайын Әбілдақызы кадрлардың бәрін шешетінін нақты біледі! Сондықтан оларды таңдауға жауапкершілікпен және түсіністікпен қарай білді. Бұл жерде өз салаңыздың мықты маманы болу керек, өйткені жұмысқа орналасуға әр түрлі адамдар келеді. Сондықтан сабырлы болып, кадр қызметінің қызметкері кез келген мекеменің бетке ұстары екенін есте сақтау қажет. Жұмыс істеген жылдары ол істің мәнін білу және қаржы қызметкерлерімен ортақ тілде араласу үшін қаржы жүйесі жұмысының да бабына бары, зерделеуге кірісті.

Әрине, кез-келген адам кадр қызметінің маманы бола алады, бірақ сонымен бірге адам басқаның қайғысына бей-жай қарамауы тиіс, кадр қызметінің жұмысы барысында жеке сипаттағы көптеген мәселелерді де шешуге тура келеді. Бұл қасиетке Қорлығайын Әбілдақызы ерекше назар аударады, ол психолог және тәлімгер ретінде таныла білді.

Ол жұмысқа толық энергиямен пен оптимизммен беріледі. Бұл Облыс әкімінің құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің алғыс хаттарымен, Қаржы министрінің алғыс хатымен, Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған медальмен расталады.

Жұмыс істеген уақытында ол облыстың кадр жүйесінде, қаржы басқармасы қызметкерлерінің арасында үлкен құрметке ие болды. Ұжымда ол қайырымды және ықыласты адам, жауапты және адал қызметкер ретінде бағаланады. Ол әрдайым белсенді өмірлік ұстанымға ие, қоғамда болып жатқан барлық процестерге бей-жай қарамайды, «мен болмасам, кім жасайды?» деген ұранды басшылыққа алады.

Қорлығайын Әбілдақызы - бақыт құрудың өмірлік философиясын ұстанатын адам.