
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасында Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша алдағы уақытта өтетін республикалық референдумға арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Іс-шара барысында басқарма қызметкерлеріне референдум өткізудің құқықтық негіздері, оны ұйымдастыру және дауыс беру тәртібі, сондай-ақ ұсынылып отырған өзгерістердің негізгі ережелері туралы ақпарат ұсынылды. Азаматтардың конституциялық құқықтарын іске асыру және дауыс беру рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесуге қатысушылар референдум өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері бойынша түсініктемелер алып, қызықтырған сұрақтарын қойды.
Мұндай іс-шараларды өткізу мемлекеттік қызметшілердің құқықтық хабардар болуын арттыруға және қоғамдық маңызы бар процестерді объективті түсінуді қалыптастыруға ықпал етеді.