
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында кадр саясатының тиімділігін арттыруға, мемлекеттік қызметшілердің құзыреттерін дамытуға, персоналды басқарудың заманауи тәсілдерін енгізуге және меритократия қағидаттарын нығайтуға бағытталған құжаттың негізгі бағыттары талқыланды.
Мемлекеттік процестерді цифрландыру, конкурстық рәсімдердің ашықтығы және азаматтардың мемлекеттік қызмет институтына деген сенімін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.