Ағымдағы жылдың 13 мамырында аудан әкімі Р.Ә. Аңбаев мердігер ұйымның қатысуымен Беспаловка-Жаңасу-Шұқыркөл автожолында дайындық жөндеу жұмыстарына көшпелі тексеру жүргізді, сондай-ақ Жаңасу ауылының тұрғындарымен Андреев ауылдық округінің әкімі И.В. Шушаринмен және аудан әкімінің орынбасарлары Б. А. Сапановпен, Е.Қ. Аманжоловпен Е.Н. Әуелбековтың 95 жылдық мерейтойын өткізуге дайындық бойынша кездесу өткізді.
Жұмыс сапары барысында аудан әкімі Раисовка орта мектебінде болып, Павлодар қаласының "AST BUILDING COMPANY" ЖШС мердігерлік ұйымының жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Одан әрі Раисовка ауылының тұрғындарымен тұрақты кездесу өтті, оның барысында ауданның 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуымен және 2025 жылға арналған жоспарларымен таныстырды, залдан келіп түскен сұрақтарға жауап берді.