Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда сүтті мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. 2024 жылы ұйымдасқан шаруа қожалықтары 17962,3 тонна сүт өндіріп, 111,8%-ға өсті (2023 ж. – 16065,7 тонна).
2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында 4645,7 тонна сүт өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,2% артық (2023 жылғы қаңтар-наурыз 4590,4 тонна).
Ауданда қазіргі таңда 6 тауарлы-сүт фермасы жұмыс істейді, оның ішінде 4 заманауи шаруа қожалығы (ТОО «Астық Привольный», «Возвышенка-СК», УК. Әділ және ПФ Колос).
Сондай-ақ, сүт өндірісін арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында «Буденное-СК» ТОО-ның 1200 басқа арналған сүт-тауарлы фермасының құрылысы және «Нежинка-Ерке» ЖШС мен ПФ Колостағы жұмыс істеп тұрған өндірісті кеңейту жұмыстары жүргізілуде.
«Буденное-СК» ТОО биылғы жылдың соңына дейін шетелден әкелінетін асыл тұқымды малды енгізуді жоспарлап отыр.