Ағымдағы жылдың 3 сәуірінде аудан әкімі Р.Ә. Аңбаев Шөптыкөл ауылдық округінің, Шөптыкөл, Жаркөл, Қоңырсу, Талсай ауылдарының тұрғындарымен тұрақты кездесу өткізді. Диалог барысында кездесуге қатысушылар әлеуметтік экономикалық дамумен, инвестициялық жобаларды іске асырумен, сондай-ақ 2025 жылға қойылған мақсаттар мен міндеттермен танысты.
Кездесу қорытындысы бойынша аудан әкімі ауыл тұрғындарына су мұнарасын, Шоптыкөл ауылына кірме жолды жөндеу бойынша келіп түскен сұрақтарға түсініктеме берді.