Ағымдағы жылдың 12 наурызында аудан әкімі Р.Ә. Аңбаев Сокологоровка ауылының тұрғындарымен тұрақты кездесу өткізді. Диалог барысында кездесуге қатысушылар әлеуметтік экономикалық дамумен, инвестициялық жобаларды іске асырумен, сондай-ақ 2025 жылға қойылған мақсаттар мен міндеттермен танысты. Кездесу қорытындысы бойынша аудан әкімі ауыл тұрғындарына қыс мезгілінде мердігер ұйымдардың жолдарды күтіп-ұстау және тазарту бұрын жұмыс істеген инвесторлардың жерді пайдалануына қатысты бойынша келіп түскен сұрақтарға түсініктеме берді.