Құрметті Ғабит Мүсірепов атындағы аудан тұрғындары!

Құрметті Ғабит Мүсірепов атындағы аудан тұрғындары!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Төртінші маусымда тәуелсіз республикамыздың басты атрибуттары бекітілді. Ту, Елтаңба, Гимн кез - келген мемлекеттің маңызды атрибуты болып табылады, олар біздің тарихымызды, дәстүрлерімізді және Отанға деген сүйіспеншілігімізді көрсетеді.

Мемлекеттік рәміздер мемлекет жүргізетін саясат негізделген құндылықтарды бейнелейді.

Мен сіздерге осы ерекше мереке күні  зор денсаулық, амандық және бейбітшілік тілеймін!

Біздің еліміз жылдан жылға гүлдене берсін және де біздің Мемлекеттік туымыз әрқашан біздің үстімізден жоғары көтерілсін!