Ағымдағы жылғы 12 қазанда ауданымызға жұмыс сапарымен облыс әкімі Ғ.Т.Нұрмұхамбетов келді. Сапар барысында облыс әкімі «УК Әділ» ЖШС сүт-тауар фермасының өндірістік процесімен және оны одан әрі кеңейтумен, Червонное ауылының мәдениет үйін жөндеумен танысты, Березовка ауылында 1800 басқа арналған «Возвышенка-СК» ЖШС сүт-тауар фермасына барды.
Токсан би ауылында «Западное-СК» ЖШС астық шаруашылығы аумағында ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу өткізіп, толғандырған сұрақтарға жауап берді.
Ставрополка ауылының Мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесу өткізіп, толғандырған сұрақтарға жауап берді, сумен жабдықтау жүйесінің жұмыс үрдісімен танысып, ауылдың әлеуметтік маңызы бар нысандарын аралады.
Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Новоишим ауылындағы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде салынған орталық қазандықпен қоса, жылу желілерін салу жобасын іске асыру үшін мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырудың барлық мүмкін тетіктерін қарастыру туралы тапсырма берді, өйткені бұл нысан аудан орталығының халқы үшін маңызды болып табылады.
Новоишим ауылынан Дружба ауылына дейін А–16 «Петропавл-Жезқазған» Республикалық маңызы бар автожолын жөндеу мәселесі көтерілді, облыс әкімі бұған байланысты да тиісті тапсырмалар берді.
Аталған тапсырмалар бақылауға алынды.