«Қазақстан Республикасында мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» заңнаманы зерделеу бойынша Семинар

«Қазақстан Республикасында мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» заңнаманы зерделеу бойынша Семинар

   2023 жылғы 23 мамырда Құқықтық жалпыға бірдей оқытудың оқу-тақырыптық жоспарына сәйкес жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.К. Амрина ауылдық округ әкімдері мен ауылдық округ әкімі аппаратының мамандары үшін, сондай-ақ аудандық бөлімдердің басшыларына Zoom платформасында «Қазақстан Республикасында мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

   Іс-шара барысында семинарға қатысушылар мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңнамаға енгізілген өзгерістермен, негізгі міндеттермен, жергілікті атқарушы органдардың құзыреттерімен, мүгедек адамдардың құқықтары мен әлеуметтік қорғалуымен, жұмыс берушінің мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғауға қатысуымен танысты.