Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Ғабит Мүсірепов атындағы ауданына жұмыс сапары

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Ғабит Мүсірепов атындағы ауданына жұмыс сапары

Ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров келіп, аудан активімен кездесті.

Аудан әкімі С. М. Мұхамедиев 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму туралы хабардар етті, келесі жылға арналған жоспарлар туралы айтты. Облыс әкімі Айдарбек Сапаров Новоишимское ауылына барған кезде дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысының барысымен танысты, сондай-ақ жеңілдікпен кредиттеу шеңберінде салынған 50 пәтерлі үйге барды.

Солтүстік Қазақстан облысының басшысы бөлінген қаражатты игеру, ауыл шаруашылығын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты және әлеуметтік саланы дамыту қажеттілігіне назар аударды.