2022 ж. 17 маусымда Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға жұмыс сапарымен облыс әкімі Қ.І. Ақсақалов келді.

2022 ж. 17 маусымда Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға жұмыс сапарымен облыс әкімі Қ.І. Ақсақалов келді.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ.І.Ақсақалов Ғабит Мүсірепов атындағы ауданына сапары барысында Возвышенка ауылында болып, ауыл тұрғындары үшін салынған жаңа үйлермен (барлық үйлер газдандырылған) танысты, Ғаниевтардың интернационалдық жас отбасымен кездесті.

Өңір басшысы Березовка ауылында орналасқан "Возвышенка СК" ЖШС сүт-тауар фермасында болды. Бұл біздің облыстағы ең ірі ферма, құрылысы өткен жылы басталған, ферма 1800 басқа есептелген. Содан кейін Шөптікөл ауылындағы "Адани - Агро" ЖШС ет бағытындағы мал шаруашылығы фермасының құрылыс барысымен танысты, ағымдағы жылы шаруашылық 3000 мал орнына арналған бордақылау алаңының құрылысын бастады, қазіргі уақытта жер қазу және іргетас құю жұмыстары жүргізілуде. Содан кейін Шөптікөл түзету мектеп-интернатының ғимаратында облыс әкімі

Қ.І. Ақсақалов осы округтің тұрғындарымен кездесті. Құмар Іргебайұлы ауыл тұрғындарын Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы хабардар етті.

Содан кейін Шөптікөл ауылдық округінің дамуы туралы "Адани - Агро" ЖШС директоры А.Д. Джаборов және "Агрофирма "Приишимский" ЖШС директоры М. М. Гулиев баяндама жасады.

Шөптікөл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуден кейін облыс әкімі Қ.и. Ақсақалов азаматтарды жеке қабылдады.