Аудан әкімімен ауылдарда азаматтарды қабылдау өткізілді

Аудан әкімімен ауылдарда азаматтарды қабылдау өткізілді

2022 жылғы 24 қаңтарда аудан әкімі С.М. Мұхамедиев Рузаев ауылдық округінде азаматтарды жеке қабылдау өткізді, онда автобус маршрутын ашу, жер заңнамасы, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, кредиттеу, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, абаттандыру және ауылдық округтің әлеуметтік мәселелері бойынша 12 адам қабылданды.

Аудан әкімі қабылдау барысында қолданыс тағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер берді, Рузаев ауылдық округінің әкіміне, сондай-ақ кәсіпкерлік, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ауылшаруашылығы, жер қатынастары бөлімдерінің басшыларына және халықты жұмыспен қамту орталығының басшысына жоғарыда аталған мәселелерді шешуге көмек көрсету бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.