Аудан әкімімен ауылдарда азаматтарды қабылдау өткізілді

Аудан әкімімен ауылдарда азаматтарды қабылдау өткізілді

2022 жылғы 18 қаңтарда аудан әкімі С. М. Мұхамедиев Қырымбет, Тахтаброд және Чистопол ауылдық округтеріне барып азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады, онда жұмысқа орналастыру, жер заңнамасы, денсаулық сақтау, ауылшаруашылығы, кредиттеу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, абаттандыру және ауылдық округтердің әлеуметтік мәселелері бойынша 25 адам қабылданды.

Аудан әкімімен қабылдау барысында қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер берілді, Қырымбет, Тахтаброд және Чистопол ауылдық округтерінің әкімдеріне, сондай-ақ кәсіпкерлік, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ауылшаруашылығы, жер қатынастары бөлімдерінің басшыларына және Халықты жұмыспен қамту орталығының директорына жоғарыда аталған мәселелерді шешуге көмек көрсету бойынша тиісті тапсырмалар берілді, олардың орындалуы бақылауға алынды.