Аудан әкімі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады

Аудан әкімі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады

Бүгін Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі Мұхамедиев Серік Мақсұтұлы барлық шақырылғандарды мемлекеттік мерекемен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.

Өңір басшысы ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін қатысушыларға шынайы ризашылығын білдіріп, облыс әкімінің, аудан әкімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті.

Аудан әкімі С.М. Мұхамедиев құттықтау сөзінде тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында Елбасының даналығы мен кәсібилігінің арқасында жаһандық бастамалар, ауқымды реформалар жүзеге асырылғанын, бұл әлеуметтік бағдарланған экономикасы бар заманауи, қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттің құрылуын қамтамасыз еткенін атап өтті.