Аудан әкімі С. М. Мұхамедиев еңбек ардагері және ауданның Құрметті азаматы Ф. И. Штранинді мерейтойымен құттықтады

Аудан әкімі С. М. Мұхамедиев еңбек ардагері және ауданның Құрметті азаматы Ф. И. Штранинді мерейтойымен құттықтады

Бүгін Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі Мұхамедиев Серік Мақсұтұлы еңбек сіңірген ардагер, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Құрметті азаматы Штранин Федор Ивановичті 70 жылдығымен құттықтап, оның ауданның әлеуметтік-саяси дамуына өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті.

Федор Иванович 2005 жылдан бастап тұрақты негізде электоралды кезеңде ҚР Президенті мен ҚР Парламенті Мәжілісіне сайлау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп, "Nur Otan"партиясының беделін жоғары деңгейде көтерді.

Жұмыс істеген уақытында "Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік марапаты, "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл", "Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл" медальдарымен марапатталған, партияның Орталық аппаратының, облыс әкімінің, аудан әкімінің Құрмет грамоталар мен Алғыс хаттары бар.

Бүгінгі таңда Федор Иванович әлі де белсенді өмірлік ұстанымға ие.