Аудан әкімі қаржыгерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Аудан әкімі қаржыгерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Бүгін Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі Мұхамедиев Серік Мақсұтұлы ауданның қаржы мекемелерінің қызметкерлерімен кездесті.

Аудан басшысы қаржы саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттады.

Ұлттық валюта күні — теңге күні және еліміздің қаржы жүйесіндегі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі "Қазақстан Республикасындағы мерекелері туралы" Заңға сәйкес жыл сайын 15 қарашада атап өтіледі.

Аудан әкімі өз баяндамасында біздің ұлттық валютамыз мемлекеттілігіміз бен егемендігіміздің нағыз символы болып табылатынын атап өтті. Бұл мереке мемлекеттік бюджет және салық саясатын іске асыруға, қаржыны басқару жүйесін нығайтуға күнделікті еңбегімен үлес қосатындарды біріктіреді.