Азаматтарды жеке онлайн-қабылдау өткізілді

Азаматтарды жеке онлайн-қабылдау өткізілді

2021 жылғы 16 сәуірде аудан әкімі А.А. Тастеміров бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды онлайн-жеке қабылдау өткізді, онда Новоишим ауылынан 4 адам қабылданды. Тұрғын үй беру және кезектілік, Советская көшесіндегі 9, 10 үйлерді орталықтан жылыту және Школьная көшесіндегі 14 авариялық үйді жөндеу мәселелері бойынша сұрақтар келіп түсті.

Аудан әкімімен жеке қабылдау барысында Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында жоғарыда көрсетілген мәселелерді қарауға және шешуге көмек көрсету бойынша тиісті тапсырмалар берілді.