8 наурыз

8 наурыз

А.ж. 5 наурызда 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнiне орай аудан әкiмi А.А. Тастемiров Новоишим ауылының көп балалы анасы Ж.Р. Дауеноваға «Күмiс алқа» мемлекеттiк наградалық алқасын табыс еттi.

Облыстың әлеуметтiк-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулi үлесi үшiн облыс әкiмiнiң Құрмет грамотасымен ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетi аумақтық инспекциясының басшысы Д.М. Есмағамбетова, №2 Новоишим орта мектебiнiң физика және математика пәнiнiң мұғалiмi А.А. Баязитова, аудандық орталық аурухананың хирургi Н.В. Лобанова, «Тойхана» мейрамханасының әкiмшiсi Г.И. Кенжахимова марапатталды.

Солтүстiк Қазақстан облысының әлеуметтiк-экономикалық дамуына, жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды дамыту мен қалыптастыруға қосқан үлесi және белсендi депутаттық қызметi үшiн аудандық мәслихат депутаты М.К. Абуова Қазақстан мәслихаттары депутаттарының республикалық қауымдастығы төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Көп жылғы адал еңбегi және ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуына қосқан үлесi үшiн аудан әкiмiнiң Құрмет грамотасымен «ҚТЖ — Жүк тасымалы» ЖШС филиалының — «ЖТ Ақмола бөлiмшесi» Жаңаесiл станциясының инженер-технологы С.Е. Шайкенова марапатталды, аудан әкiмiнiң Алғыс хатымен «Жаңа-Есiл Феникс» ЖШС сылақшы-сырлаушы С.А. Гасанова марапатталды.