«Шаңырақ» (5-10-20): жаңа бағдарламасы бойынша пәтерді қалай сатып алуға болады

«Шаңырақ» (5-10-20): жаңа бағдарламасы бойынша пәтерді қалай сатып алуға болады

Новоишим ауылында ағымдағы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа бағыты — «Шаңырақ» жобасын (5-10-20) іске асыру жоспарланғанын, оған сәйкес Черемушки шағын ауданында жаңа 50 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.

Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 2021 жылғы желтоқсан.

Тұрғын үйдің 1 ш.м. құны: «таза» әрлеуде 160 000 теңгеге дейін.

Әкімдікте тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар ғана «Шаңырақ» жобасына қатыса алады.

Несие алу үшін не қажет?

Жылдық 5%-бен қарыз алу үшін Бағдарламаға қатысушының өзінің Отбасы банктегі (тұрғын үй құрылыс жинақ банкі) шотында қарыз сомасының 10% - ы мөлшерінде ең төменгі бастапқы жарнасы болуы қажет. Несиелеу мерзімі 20 жылға дейін. Тұрғын үйдің ең жоғарғы құны 12 млн. теңгеге дейін.Азаматтар кредитті еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен кіріс болған кезде ғана ала алады. Отбасының әрбір мүшесінің табысы 3,7 ең төменгі күнкөріс деңгейінен, яғни 126 917 теңгеден аспауы тиіс.Осы бағыт бойынша тұрғын үй сатып алуға ниет білдірген үміткерлердің тізімін алдын ала қалыптастыру үшін Новоишим ауылы, Ленин көшесі 2, 3 қабат, № 3 кабинет мекенжайы бойынша, тел.22-4-67, сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз.