
Ауданның жаңа прокуроры таныстырылды
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі Р.Ә. Аңбаев ауданның жаңа прокуроры Жалмағамбетов Алмас Мағсұтұлын таныстыру рәсіміне қатысты.
Іс-шара барысында Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Ержанов Дәурен Тоқтарбайұлы аудан прокуратурасының жаңа басшысын ресми түрде таныстырды. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының маңызды мәселелері атап өтілді.
Аудан әкімі Алмас Мағсұтұлына алдағы кәсіби қызметіне табыс, қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен атқаруына және аудан тұрғындарының игілігі жолындағы жұмысына жеміс тіледі.