
26 маусым облыс әкімі Нұрмұхамбетов Ғ.Т. жұмыс сапарымен ауданымызға келді.
Жұмыс сапары аясында облыс әкімі Creative & IT Center Ziyatker Mura Museum қызметімен танысты. Мұнда өңірдің шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған мәдени жобалар таныстырылды.
Одан кейін облыс әкімі көлік вице-министрі Тайжанов Ж.Ж.-мен бірге жаңғыртылған теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
Заманауи талаптарға сай жаңартылған теміржол вокзалы жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын, жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл нысан ауданның көлік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.