
Көлік вице-министрі Ж.Ж. Тайжанов аудан тұрғындарымен кездесті
Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Жәнібек Жұмаұлы Тайжанов аудан тұрғындарымен жұмыс кездесуін өткізді.
Ашық диалог барысында көлік инфрақұрылымын дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Тұрғындар автомобиль жолдарын жөндеу, көпірлерді қалпына келтіру және жөндеу, сондай-ақ теміржол көлігінің қазіргі жай-күйі мен оны дамыту перспективаларына қатысты сұрақтарын қойды.
Жәнібек Жұмаұлы тұрғындардың барлық сауалдарына жан-жақты жауап беріп, министрліктің әрбір бағыт бойынша жоспарларын түсіндірді. Сонымен қатар ауданның көлік қолжетімділігін жақсартуға бағытталған іске асырылып жатқан және алдағы жобалар туралы ақпарат берді.
Кездесу сындарлы әрі іскерлік жағдайда өтті. Тұрғындар мемлекеттік органдар өкілдерімен ашық диалогтың маңыздылығын атап өтіп, көтерілген мәселелердің уақтылы шешімін табатынына сенім білдірді.