
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі Аңбаев Р.Ә. полиция қызметкерлерін, мемлекеттік қызметкерлерді және сот жүйесінің қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады
2026 жылғы 23 маусымда Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күні, Полиция күні, Сот жүйесі күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Өз сөзінде Руслан Әкімжанұлы барлық қатысушылардың жоғары кәсібилігі мен іске берілгендігін атап өтті, олардың заңдылықты нығайтуға, құқық тәртібін қамтамасыз етуге және азаматтардың мүдделерін қорғауға қосар үлесін ерекше атады.
Іс-шара барысында үздік қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті. Озық қызметкерлерге алғыс хаттар мен құрмет грамоталары табысталды.
Салтанатты іс-шара мерекелік концерттік бағдарламамен аяқталды.