
2026 жылдың 17 маусымында Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі Р. Ә. Аңбаев азаматтарды жеке қабылдады.
Кездесу барысында тұрғын үй беру, ауылдың әлеуметтік мәселесі, абаттандыру, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері көтерілді.
Барлық айтылған өтініштер бойынша аудан әкімі қолданыстағы заңнама шеңберінде аудан әкімінің орынбасарларына, сәулет, құрылыс, ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына, Новоишим, Новосел және Тахтоброд ауылдық округтерінің әкімдеріне белгіленген мерзімде шаралар қабылдау және қойылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету туралы түсініктемелер мен тапсырмалар берді.