
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменті (әрі қарай – Департамент) қызметінің негізгі бағыттарының бірі – қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру болып табылады.
Мәселен, Департаментке Петропавл қаласының әкімдігі құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды және олардың жекелеген бөліктерін салу мен реконструкциялау үшін бастапқы материалдарды (Сәулет-жоспарлау тапсырмасын) беруден заңсыз бас тартқаны туралы Петропавл қаласының тұрғындары жүгінді.
Тексеру барысында қала тұрғындарының қолданыстағы тұрғын үйдің жекелеген бөліктерін салу және реконструкциялау үшін СЖТ алуға Бөлімге жүгінгені анықталды.
Бөлім көрсетілген мекенжай бойынша егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының жоқтығына байланысты құрылыс пен реконструкциялау мүмкін емес деген негізбен бас тарту туралы шешім шығарған.
Алайда, бұл бас тарту заңсыз болып табылады, өйткені Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің түсіндірмесіне сәйкес, қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың жекелеген бөліктерін салу және реконструкциялау үшін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы талап етілмейді.
Тексеру барысында анықталған бұзылған құқықтарды жою бойынша өтініштердің нәтижесінде қызмет алушылардың қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) салуға, реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алуға құқықтары қалпына келтірілді.
Бүгінгі таңда қызмет алушыларға СЖТ берілді.
Нәтижесінде рұқсат беру мемлекеттік қызметін көрсетуден негізсіз бас тартқаны үшін Бөлімнің кінәлі лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Егер сізде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қатысты сұрақтарыңыз немесе оларды көрсету рәсімдерін жетілдіру бойынша ұсыныстарыңыз болса, бізге «е-Өтініш» және Telegram мобильді қосымшасындағы «EgovKzBot2.0» платформасы арқылы жүгіне аласыз.
Біздің мекен-жайымыз: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 38, телефон: 360162.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің
СҚО бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы
Дархан Хайруллин