
2026 жылдың 20 мамырында Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі Р. Ә. Аңбаев азаматтарды жеке қабылдады.
Кездесу барысында тұрғын үй беру, кәріз желілеріне қызмет көрсету, еңбек қатынастары және абаттандыру мәселелері көтерілді.
Барлық айтылған өтініштер бойынша аудан әкімі қолданыстағы заңнама шеңберінде аудан әкімінің орынбасарларына, сәулет, құрылыс, ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына, Новоишим ауылдық округінің әкіміне белгіленген мерзімде қойылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету және шаралар қабылдау туралы түсініктемелер берді.